ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ КАПСУЛАЛЫ ҮЙЛЕР САЛУ ІСІ ДАМИДЫ

 

✔️Түркістан облысында туризм мен тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа бірегей инвестициялық жоба іске асырыла бастады. Облыс әкімдігі мен Қытай Халық Республикасының ірі өндірістік компанияларының бірі – «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.» арасында өзара тиімді серіктестік орнады.

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы ҚХР-дағы Линьи қаласына сапар жасап, «Shandong Kamoya» зауытының жұмысымен, өндірістік қуатымен және инновациялық шешімдерімен танысты. Қазіргі уақытта бұл зауыт «KHAN TAU» брендімен капсулалы үйлер шығаруда. Енді осы технологиялар Түркістанда өндірілетін болады.

✔️Былтыр желтоқсанда Түркістан облысы делегациясының Қытайға жасаған ресми сапары аясында басталған келіссөздер нәтижесінде тараптар бірлескен өндірісті ұйымдастыруға уағдаласты. 2025 жылдың қаңтарында қытайлық серіктестер Түркістан облысына арнайы келіп, өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысты. Қазіргі таңда «BNK GROUP LTD» ЖШС мен «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.» арасында капсулалы үйлерді Түркістанда жинау және өндіру бойынша келісім жасалып, алғашқы үйлер дайындалды. Олар жақын арада өңірдегі «KHAN TAU» демалыс аймағына жөнелтіледі.

✔️Капсулалы үй – бұл жаңа буындағы модульдік құрылыс үлгісі. «Shandong Kamoya» компаниясының «Camoya ғарыш капсуласы» жоғары санаттағы кемпингтерге, қонақүйлерге және глэмпингке арналған заманауи шешім ретінде әзірленген. Ол кемпер, мини-қонақүй және модульдік үйдің функцияларын біріктіреді. Мұндай үйлерге жер телімін рәсімдеудің қажеті жоқ, құрылыс экологиялық таза және энергия үнемдейтін принциптерге негізделген. Капсула ішкі жабдықтарына келсек, панорамалық терезелер, жатын және тұрғын аймақтар, толыққанды ас үй мен санитарлық тораппен қамтылған. Сонымен бірге «ақылды үй» жүйесі, кондиционер, мультимедиа жабдықтары және тағы басқа жаюдықтармен жабдықталған. Мұндай ғимараттарды туристік кешендер мен глэмпингтер, модульдік кеңселер мен мобильді үйлер, көрме павильондары, дала зертханалары, қонақүйлерге пайдалануға болады. 50 жылға дейін қызмет етуге жарамды.

– Түркістан облысында туризм мен тұрғын үй инфрақұрылымын жаңғырту бағытында мұндай технологиялардың маңызы зор. Біз сіздермен нақты жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Осы арқылы өңірдің өндірістік, туристік, инфрақұрылымдық әлеуетін көтеруге күш саламых, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

✔️Кездесу соңында делегация өкілдері компания басшылығына жылы қабылдауы мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтты.

✔️Шаньдун – Қытайдың солтүстік-шығысындағы тарихи және экономикалық әлеуеті зор аймақ. 2023 жылғы көрсеткіш бойынша өңірдің жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 9 триллион юаньнан асып ($1,3 триллион), ел бойынша алғашқы үштікке енді. Бұл өңірдің ғылым, экспорт, өндіріс, көлік инфрақұрылымы салаларындағы қарқынды дамығанын көрсетеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ БУДЕТ РАЗВИВАТЬСЯ СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННЫХ КАПСУЛЬНЫХ ДОМОВ

✔ В Туркестанской области начата реализация нового уникального инвестиционного проекта, направленного на развитие туризма и жилищной инфраструктуры. Установлено взаимовыгодное партнёрство между акиматом области и одной из крупнейших производственных компаний КНР – «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.».

✔ Делегация Туркестанской области во главе с акимом Нуралханом Кушеровым посетила город Линьи (КНР), где ознакомилась с работой завода «Shandong Kamoya», его производственными мощностями и инновационными решениями. В настоящее время завод выпускает капсульные дома под брендом «KHAN TAU». Теперь эти технологии будут применяться и в Туркестане.

✔ В результате переговоров, начавшихся в декабре прошлого года в ходе официального визита делегации Туркестанской области в Китай, стороны договорились о совместной организации производства. В январе 2025 года китайские партнёры прибыли в регион для оценки инвестиционного потенциала. На сегодня между ТОО «BNK GROUP LTD» и «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.» подписано соглашение о сборке и производстве капсульных домов в Туркестане. Первые дома уже готовы и в скором времени будут направлены в зону отдыха «KHAN TAU».

✔ Капсульный дом — это модульная конструкция нового поколения. «Космическая капсула Camoya» от компании «Shandong Kamoya» разработана как современное решение для глэмпинга, кемпингов и гостиниц высокого уровня. Она объединяет функции кемпера, мини-гостиницы и модульного жилья. Для установки таких домов не требуется оформление земельного участка, а строительство основано на принципах экологичности и энергоэффективности.

Внутреннее оснащение капсулы включает панорамные окна, спальную и жилую зоны, полноценную кухню и санитарный узел. Также предусмотрены система «умный дом», кондиционер, мультимедийное оборудование и другие удобства. Эти сооружения могут использоваться как туристические комплексы, глэмпинги, модульные офисы, мобильные дома, выставочные павильоны, полевые лаборатории и гостиницы. Срок службы — до 50 лет.

– Подобные технологии играют важную роль в обновлении туристической и жилищной инфраструктуры Туркестанской области. Мы готовы совместно с вами реализовать конкретные проекты. Это позволит повысить производственный, туристический и инфраструктурный потенциал региона, – отметил аким области Нуралхан Кушеров.

✔ В конце встречи представители делегации поблагодарили руководство компании за теплый прием и предоставленную возможность обмена опытом.

✔ Шаньдун — исторически значимый и экономически мощный регион на северо-востоке Китая. Согласно данным за 2023 год, валовой региональный продукт (ВРП) области превысил 9 триллионов юаней (1,3 трлн долларов), выведя регион в тройку лидеров по стране. Это свидетельствует о стремительном развитии Шаньдуна в сферах науки, экспорта, производства и транспортной инфраструктуры.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *