
Сенбілік – еске салу сәті: тазалық – әрқайсымыздан басталады
2025 жылғы 2 тамызда Шымкент қаласында жалпы қалалық сенбілік өтіп, оған 11 мыңнан астам адам, оның ішінде 28 жасқа дейінгі 4 мыңнан астам жас қатысты. Қала көшелерін тазалауға аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, қалалық басқармалар, еріктілер, тұрғындар мен қоғам белсенділері шықты. 215 арнайы техника жұмылдырылып, 160 тоннадан астам қоқыс шығарылды.