
Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы 27 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру барысы, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу мәселесі қаралды. Жобаны толық енгізу осы жылдың 1 тамызына жоспарланған. Қазіргі таңда жобаға 2,3 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 276,5 мың балаға ваучерлер…