АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДА «ОТБАСЫ БАНКТІҢ» ЖАҢА КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласының Асар-2 шағын ауданында «Отбасы банк» АҚ-ның жаңа консультациялық орталығы ресми түрде ашылды. Шара барысында «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев сөз сөйлеп, орталықтың ашылуы қала тұрғындары үшін қолжетімді баспана алу жолында маңызды қадам екенін атап өтті.