1 шілде күні киелі Түркістанда республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтеді.
Қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі – күй өнерін кеңінен дәріптеу, Оңтүстік өңірі күй шеберлерінің шығармашылығын насихаттау, талантты күй орындаушыларды анықтау және күй құдіретімен елдің рухын асқақтату мақсатында ұйымдастырылған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген күйшілер бақ сынайды.
Басталуы сағат 10:00-де.
«Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасында.
Келіңіздер, ұлттық өнерімізге үлестерін қосып жүрген таланттарға бірге қолдау көрсетейік!