Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында өңіріміздің, оның ішінде ауданымыздың тыныс-тіршілігі, халыққа жасалып жатқан игі істер мен өзгерістер дер кезінде, шынайы әрі кеңінен таралып келеді.
Ақпарат майданында аянбай еңбек етіп, шынайы сөзбен қоғамға серпін беріп келе жатқан сіздердің еңбектеріңіз қашан да құрметке лайық.
Ауданымыздың қоғамдық-саяси мәселелерін, тартымды да қызықты мақалаларыңызбен, салмақты да орнықты ойларыңызбен көпшілік көкейіндегі мәселелерді көтеріп жүрсіздер.
Әрдайым еліміздегі игі істердің, бастамалардың басында журналисттер қауымы табылатынына сенімдімін.
Қадірлі қаламгерлер!
Қаламдарыңыз мұқалмай әрқашан егеменді еліміздің қарыштап дамуына, өркендеуіне қызмет ете беріңіздер.
Халықтың рухани байлығын арттыру жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, шығармашылық табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен, Түлкібас ауданының әкімі Аскар Естібаев