ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 85 КӨЛІК ТАПСЫРЫЛЫП, СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

✔️Елімізде 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні, ал 10 шілде Ветеринариялық қызметкерлері күні болып бекітілген. Осыған орай Түркістан облысында қос кәсіби мерекеге арналған іс-шара өтіп, еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Алдымен облыс әкімі Нұралхан Көшеров ветеринария саласының өкілдеріне заман талабына сай жабдықталған жаңа техникалардың кілтін тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жалпы, биыл 85 көлік табысталып отыр.

⤵️Одан кейін облыс әкімі салтанатты жиынға қатысып, сала мамандарын құттықтады.

– Құрметті су шаруашылығы және ветеринария саласының қызметкерлері! Ардақты еңбек ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Сіздер секілді еңбек адамдарының беделін арттыру, қоғамға үлгі ету – дәстүрге айналып жатыр. Бүгінгі басқосуымыз да – осының дәлелі. Түркістан өңірі – агроөнеркәсіптік кешен бойынша республикада көшбасшы өлке. Еліміздегі жалпы өнім көлемінің 13 пайызы біздің облысқа тиесілі. Жылына 1 трлн теңгеден астам қаржының өнімі өндіріледі. Су тапшылығының алдын алу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл 46 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Нәтижесінде ағын суды 1,5-2 есеге үнемдеумен қатар, өнімділікті 2,5-3 есеге арттыруға қол жеткізілуде. Бұл ретте су шаруашылығы мамандарының еңбегі айрықша. Ал ветеринария саласына келсек, індеттердің алдын алу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бағытында ілкімді істер атқарылуда. «Ветеринария адамзатты емдейді» деген қанатты сөз ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Себебі сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында індеттердің алдын алу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қауіпті індеттер мен зиянкестерге қарсы күрес барысындағы белсенді қызметтеріңізге алғыс білдіремін. Төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтай келе, зор денсаулық, еңбекте табыс, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! – деген Нұралхан Көшеров үздік су мамандары мен ветеринария өкілдеріне марапаттарды табыстады.

✔️Іс-шарада кәсіби мереке иелері ҚР Президентінің ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісі, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасы», ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Құрмет грамотасы», Түркістан облысы әкімдігі және облыстық мәслихатының «Құрмет грамотасы», Грамотасына және Алғыс хаттарына, сондай-ақ өзге де марапаттарға ие болды. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

✔️Айта кетейік, Түркістан облысында су шаруашылығы саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірде су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізіліп жатыр. Көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдалану үшін «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынуда. Су нысандарын «Ислам даму банкі» қаржысын тарту есебінен қалпына келтіру жоспарланып отыр. Жалпы 25 су қойма, 1 су реттегіш, 269 каналды күрделі жөндеуден өткізу арқылы су нысандарының тозу көрсеткішін 76%-дан 50%-ға төмендету көзделуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__________

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ РАБОТНИКАМ ВЕТЕРИНАРИИ ПЕРЕДАНО 85 АВТОМОБИЛЕЙ, ЧЕСТВОВАЛИ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ВОДНОГО ХОЗЯЙСТВА

✔️9 июля в Казахстане отмечают День работников водного хозяйства, а 10 июля — День ветеринарных работников. В связи с этим в Туркестанской области прошли мероприятия, посвященные двум профессиональным праздникам. Вначале аким области Нуралхан Кушеров вручил представителям ветеринарии ключи от новой современной техники и пожелал успехов в работе. Всего в этом году в коммунальное пользование передано 85 машин.

⤵️Затем глава региона принял участие в торжественном собрании, на котором поздравил специалистов отраслей.

— Уважаемые работники водного хозяйства и ветеринарии! Дорогие ветераны труда! От всей души поздравляю вас с профессиональными праздниками! По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Кемеловича Токаева 2025 год объявлен Годом рабочих профессий. Повышение авторитета таких людей труда, как и вы, становится традицией. Туркестанский регион — лидер в республике по развитию агропромышленного комплекса. На нашу область приходится 13 процентов валового объема продукции страны. Ежегодно производится продукция на сумму более одного триллиона тенге. Проводится ряд масштабных работ по профилактике дефицита воды. В этом году внедрены водосберегающие технологии на 46 тысячах гектарах. В результате, наряду с экономией поливной воды в 1,5-2 раза, достигается увеличение производительности в 2,5-3 раза. Труд специалистов водного хозяйства имеет большую ценность для развития региона. Что касается ветеринарии, то ведется работа по профилактике эпидемий, повышению качества сельхозпродукции. Крылатая фраза «Ветеринария лечит человечество» никогда не теряла своей актуальности. Благодарим вас за активную деятельность в борьбе с опасными эпидемиями и вредителями. Еще раз поздравляю вас с праздниками и желаю крепкого здоровья, успехов в труде на благо страны! — сказал Нуралхан Кушеров и вручил награды лучшим специалистам водной отрасли и ветеринарии.

✔️Лучшие представители двух отраслей в честь профессиональных праздников были награждены орденами «Еңбек даңқы» III степени, нагрудными знаками «Ерен еңбегі үшін», медалями «Ветеран труда» Министерства сельского хозяйства РК, нагрудными знаками «Отличник сельского хозяйства», почетными грамотами Министерства сельского хозяйства РК и Министерства водных ресурсов и ирригации РК, грамотами и благодарственными письмами акимата Туркестанской области и областного маслихата, а также другими наградами.
Торжественное собрание продолжилось концертной программой.

✔️Отметим, в Туркестанской области ведется большая работа в сфере водного хозяйства. В регионе широко внедряются водосберегающие технологии. Строятся водохранилища «Байдибек ата» и «Боралдай» для регулирования весенних паводковых вод и эффективного использования поливной воды в сезон орошения. Ряд водных объектов планируется восстановить за счет привлечения средств Исламского банка развития. В целом, за счет капитального ремонта 25 водохранилищ, одного водорегулятора и 269 каналов предполагается снижение показателя износа водных объектов с 76% до 50%.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *