✔️Түркістан облысы, Отырар ауданында «Мақта дақылын жаңа технологиямен егудің тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.
✔️Облыс әкімдігі мен облыстық прокуратураның, Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Отырар, Арыс әкімдіктерінің, «Түркістан» ӘКК-нің ұйымдастыруымен өткен семинардың мақсаты – салада заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру, шаруаларға су үнемдеуді үйрету, тыңайтқыштарды тиімді пайдалануды түсіндіру, мақта өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны халықаралық талаптарға бейімдеу жолдарын талқылау.
✔️Бағдарлама аясында қатысушылар «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС аумағында егілген мақта алқабымен танысты. Ауыл шаруашылығы дақылдарына қажет тұқым, көшет, органикалық және минералды тыңайтқыштар, биоагенттер, агродрондар, гербицидтер мен пестицидтер сатушылардың көрмесі ұйымдастырылды.
⤵️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, семинар-кеңесті ашып берді.
– Халықтың әл-ауқатының жоғары болуы – агроөнеркәсіптік кешенінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл ретте су үнемдеу технологияларын енгізу маңызды. Мемлекет басшысы аграрлық салаға ерекше көңіл бөліп, инновациялық амал-тәсілдерді енгізуді тапсырды. Облыста ауыл шаруашылығында жыл сайын 1 трлн теңгеден астам қаржының өнімі өндіріліп, республикада жетекші орында. Өңірде 90 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді. Бұл республикалық көрсеткіштің 31 пайызын құрайды. Осы орайда, 1 млн ауыл тұрғынының әлеуметтік жағдайы ауыл шаруашылығына тікелей қатысты. Қазіргі таңда әлемдік мәселелердің бірі – су тапшылығы. Өңірде су үнемдеу технологияларына кешенді көшу арқылы мәселені шешу қарқын алған. Биыл 27 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып, биыл 59 мың гектар алқапқа енгізіледі. 2030 жылға дейін осы әдіспен суармалы жердің 50 пайызы қамтылады. Қолжетімділікті арттыру үшін жылдық қуаттылығы 113 мың гектарды қамтитын жергілікті 4 кәсіпорын іске қосылды. Нәтижесінде мақта дақылынан дәстүрлі әдіспен орташа гектарына 25 центнерден өнім алынса, жаңа технология есебінен өнімділік 3 есеге дейін немесе гектарына 60 центнерден өнім алуға қол жеткізіліп отыр. Жұмыстар жалғасады. Агроқұрылымдарды жан-жақты қолдауға және мәселелерді бірлесе шешуге әзірміз. Бүгінгі семинар шаруаларға серпіліс пен мол мағлұматтар береді деп сенеміз, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
✔️Жиынға ғалымдар, құқық қорғау органдары өкілдері, ғалымдар, жауапты басқармалар мен бөлімдердің басшылары, аудан, қала және ауылдық округтері әкімдері, агроқұрылым жетекшілері, кәсіпкерлер, мақта өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының иелері арнайы шақырылды. Семинар-кеңеске облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков модераторлық етіп жүргізді. Семинар-кеңесте спикерлер тақырып аясында бірқатар бағыттарға тоқталып, ой-пікірлерін ортаға салды.
✔️Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев «Мемлекет басшысының инвестицияларды қорғауды қамтамасыз ету бойынша берілген тапсырмасының орындалу барысы», «Түркістан мақта агронөнеркәсіп кешені» ЖШС Бас директоры Янь Цивэнь «Түркістан облысындағы жоғары санатты мақта егу базасын салу және пайдалану жолдары», «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС басшысы Амандық Қостақов «Бәсекеге қабілетті отандық мақта сортын өсіру», «Таймас 2024» ЖШС басшысы Болат Құрақбаев «Отырар ауданында мақта дақылын егудегі іс жүзінде тәжірибесімен бөлісу», «БНК АГРО» ЖШС директоры Ниязәлі Бейсенбаев «Су үнемдеу технологияларын ендірудің тиімділіктері» тақырыбында сөз қозғады.
✔️Айта кетейік, бүгінде аймақта «BNK Group LTD» ЖШС-нің жылына 1000 дана (50 мың га) жаңбырлатып суғару машиналарын шығаратын зауыты және «14,0 мың га тамшылатып суғару өндірісі» кәсіпорны, жылына 9,0 мың га тамшылатып суғару жүйесін шығаратын «Тұран су» ШЖҚ МКК-нің кәсіпорны, жылына 40 000 га тамшылатып суғару желісін өндіретін «XINJANG IRRIGATION» компаниясының кәсіпорны жұмыс істеп тұр.
✔️Түркістан облысында 2025-2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластерін құру көзделген. Қазақстанда теңдесі жоқ инвестициялық ірі жоба негізінде 4 мақта өңдеу мен толыққанды тоқыма кешені жүзеге асырылады. Атап айтқанда, егіс алқабынан бастап иіру өндірісі, мата шығару мен бояу, өңдеу және дайын өнімге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. 30 000 гектардан астам алқапта заманауи су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мақта өсіріліп жатыр. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОШЕЛ СЕМИНАР-СОВЕЩАНИЕ ПО РАЗВИТИЮ ХЛОПКОВОДСТВА
✔️В Отырарском районе прошел областной семинар-совещание на тему «Эффективность посева хлопчатника по новой технологии». Целью семинара, организованного областным акиматом, областной прокуратурой, управлением сельского хозяйства и акиматами Отырара и Арыса, стало повышение производительности труда путем внедрения современных агротехнологий, обучение крестьян водосбережению, разъяснение рационального использования удобрений, обсуждение путей повышения конкурентоспособности хлопкового производства и адаптации его к международным требованиям.
✔️В рамках семинара участники побывали на посевных площадях ТОО «Туркестанский хлопковый агропромышленный комплекс», посетили выставку семян, саженцев, органических и минеральных удобрений, биоагентов, агродронов, гербицидов и пестицидов, необходимых для сельскохозяйственных культур.
⤵️В открытии семинара принял участие аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров.
— Уровень жизни наших жителей тесно связан с развитием агропромышленного комплекса. Глава государства уделяет особое внимание аграрной сфере и поручил внедрить инновационные подходы. Ежегодно в области производится сельхозпродукция на сумму более одного триллиона тенге, регион является лидером в республике. В области действует около 90 тысяч агроформирований, что составляет 31 процент от республиканского показателя. Социальное положение одного миллиона наших сельчан напрямую связано с сельским хозяйством. Одной из мировых проблем является нехватка воды. Эта проблема в регионе решается путем комплексного перехода на водосберегающие технологии. В этом году планировалось внедрить водосберегающие технологии на 27 тысячах гектарах, но показатель повысился до 59 тысяч га. До 2030 года этим методом будет охвачено 50 процентов орошаемых земель. Для повышения доступности водосберегающих технологий запущены четыре предприятия с годовой мощностью 113 тысяч га. Приведу такой расчет: традиционным методом выращивания хлопчатника в среднем собирают 25 центнеров сырья с гектара, а за счет новой технологии достигается урожайность в три раза больше — 60 центнеров с гектара. Работы продолжаются. Мы готовы к всесторонней поддержке агроформирований и совместному решению проблем. Надеемся, сегодняшний семинар даст толчок и много полезной информации крестьянам, — сказал глава региона.
✔️На совещание были приглашены ученые, эксперты, представители правоохранительных органов, руководители ответственных управлений и отделов, акимы районов, городов и сельских округов, руководители агроформирований, предприниматели, владельцы крестьянских хозяйств, занимающихся выращиванием хлопка. Модератором семинара-совещания выступил заместитель акима области Нурбол Турашбеков. С докладами выступили прокурор области Мурат Тлеубердиев (о ходе выполнения поручения Главы государства по обеспечению защиты инвестиций), генеральный директор ТОО «Туркестанский хлопкоагронпромкомплекс» Янь Цивэнь (о строительстве и эксплуатации хлопкосеменной базы высшей категории), руководитель ТОО «Хлопковая и бахчевая сельскохозяйственная опытная станция «Амандык Костаков» (о выращивании отечественного сорта хлопка). Руководитель ТОО «Таймас 2024» Болат Куракбаев поделиться практическим опытом в посеве хлопчатника в Отырарском районе, а директор ТОО «БНК АГРО» Ниязали Бейсенбаев рассказал об эффективности внедрения водосберегающих технологий.
✔️Отметим, в регионе работают завод по производству дождевальных машин ТОО «BNK Group LTD» мощностью 1000 единиц (50 тыс. га) в год, предприятие по производству капельного орошения для 14 тысяч га, ГКП на ПХВ «Туран су», выпускающее системы для 9 тыс. га в год, предприятие компании XINJANG IRRIGATION по производству оросительных сетей для 40 тысяч га в год.
✔️Напомним, в Туркестанской области в 2025-2026 годах планируется создание хлопко-текстильного кластера полного цикла. В рамках крупнейшего инвестиционного проекта, не имеющего аналогов в Казахстане, будут реализованы четыре хлопкоперерабатывающих и полноценных текстильных комплекса. Проект включает в себя все этапы — от посева сырья до прядильного производства, окрашивания тканей, обработки и выпуска готовой продукции. На более чем 30 тыс. га будут внедрены современные водосберегающие технологии для выращивания хлопка-сырца.
Пресс-служба акима Туркестанской области