Шымкентте ұландықтар үздік кинологтардыанықтады

6506 әскери бөлімінің «Ақтас» оқу орталығыныңбазасында қызметтік иттермен көпсайыс бойынша кинологмамандар арасында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы біріншілігініңжеке-командалық жарысы өтті.

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкесұйымдастырылған ісшара 12-19 шілде аралығындаөңірлік қолбасшылықтың кинологиялық қызметініңбастығы подполковник Эрик Рахимовтыңбасшылығымен өтті.

Мақсаты үздік кинолог мамандар мен әскерибөлімдерді анықтау, сондай-ақ қызметтік иттердідаярлау деңгейін және әскери қызметшілердің кәсібишеберлігін арттыру.

Бір апта ішінде кинологмамандар мен қызметтікиттердің кәсіби дағдылары үш негізгі бағытбойынша бағаланды: із кесу, есірткі іздестіру жәнежарылғыш заттарды іздеу.

Жарысқа түрлі әскери бөлімдерден 8 командақатысты. Тартысқа толы жарыс қорытындысыбойынша сержант Ерболат Асанов бастаған 6506әскери бөлімінің (Шымкент қ.) командасы жеңіскежетті. Екінші және үшінші орынды 5571 (Алматы қ.)және 3660 (Қонаев қ.) әскери бөлімдерініңкомандалары иеленді.

«Бұл бүкіл команданың үйлесімді жұмысыныңнәтижесі. біз көп дайындық жасадық, біз үшін тек жеңу ғана емес, дайындығымыздың жоғарыдеңгейін растау маңызды болды», деп атап өтті6506 әскери бөлімінің кинолог-маманы сержантЕрболат Асанов.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарғалайықты марапаттар табыс етілді, ал қатысушыларғаадалдығы мен жоғары дайындық деңгейі үшін алғысайтылды. Мұндай іс-шаралар бәсекелестік рухыннығайтады, кәсіби стандарттарды арттырады жәнекинологиялық қызметтің одан әрі дамуына ықпалетеді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚбаспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *