

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Қала аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. «Жұлдыз» тұрғын алабындағы Машһүр Жүсіп көшесінің ұзындығы 2,8 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда оның 900 метріне асфальт төселіп, қалған бөлігі ағымдағы айдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДА «ОТБАСЫ БАНКТІҢ» ЖАҢА КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласының Асар-2 шағын ауданында «Отбасы банк» АҚ-ның жаңа консультациялық орталығы ресми түрде ашылды. Шара барысында «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев сөз сөйлеп, орталықтың ашылуы қала тұрғындары үшін қолжетімді баспана алу жолында маңызды қадам екенін атап өтті.

Қытайлық «Nanning Jianing Water Investment Group Co., Ltd» компаниясымен маңызды кездесу өтті.
Компания Қазақстанда қалдықтарды өңдеу және су тазарту салаларында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Сенбілік – еске салу сәті: тазалық – әрқайсымыздан басталады
2025 жылғы 2 тамызда Шымкент қаласында жалпы қалалық сенбілік өтіп, оған 11 мыңнан астам адам, оның ішінде 28 жасқа дейінгі 4 мыңнан астам жас қатысты. Қала көшелерін тазалауға аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, қалалық басқармалар, еріктілер, тұрғындар мен қоғам белсенділері шықты. 215 арнайы техника жұмылдырылып, 160 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Достижения Казахстана в борьбе с сердечно-сосудистыми заболеваниями и раком были отмечены в докладе ВОЗ
Казахстан присоединился к девяти другим государствам-членам в Европейском регионе ВОЗ, достигшим цели Глобальной системы мониторинга на 2025 г., связанной с сокращением преждевременной смертности от неинфекционных заболеваний (НИЗ) на 25%, и, таким образом, стал первой страной Центральной Азии, достигшей этого важного показателя. В новом докладе ЕРБ ВОЗ освещается опыт Казахстана и приводятся новые данные о НИЗ…

ОСМС: У четырёх тысяч шымкентцев онкозаболевания выявлены на ранней стадии
С начала года в Шымкенте благодаря скрининговым обследованиям удалось выявить онкологические заболевания на ранней стадии у около 4 тысяч человек. Бесплатные профилактические осмотры, осуществляемые в рамках обязательного социального медицинского страхования позволили диагностировать рак молочной железы и шейки матки у 3 391 женщины, а также колоректальный рак — у более чем 500 пациентов.

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЗАМАНАУИ АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕН ОРНАТЫЛАДЫ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек кезекті баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндап, журналистердің сұрағына жауап берді. Соның ішінде БАҚ өкілдері тарапынан Білім басқармасына қарасты мектептерге енгізілгелі жатқан аппараттық-бағдарламалық кешен жұмысы туралы сауалға тоқталды. Ресми өкіл жаңа жүйенің бірнеше артықшылығын атап өтіп, жоба туралы толыққанды ақпарат айтты.

СОЗАҚТА БИЫЛ АЛТЫ АЙДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 380 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН
2025 жылдың алғашқы 5 айында Созақ ауданында 81,5 млрд теңгеден астам тікелей инвестиция тартылды. Ал, жалпы өңірлік өнімінің көлемі 380 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков журналистермен өткен баспасөз жиынында баяндады.

СОЗАҚ АУДАНЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Бүгін Созақ ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер алдымен аудан орталығы Шолаққорған ауылында салынып жатқан 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенімен танысты. Екі қабатты ғимаратта волейбол және баскетбол алаңдары, күрес пен бокс залдары, бассейн және футбол алаңы орналаспақ. Сондай-ақ, Созақ ауылындағы заман талабына сай жабдықталған спорт алаңшасының жұмысымен танысты. Онда жастар мен жасөспірімдер футбол…