Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
ақпараттық агенттігі
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
⚽️ Ордабасы – Қайрат Күні: 29 маусым 2025 жыл Басталуы: 20-00 Стадион: Қажымұқан атындағы «Орталық стадион»
1 шілде күні киелі Түркістанда республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтеді.
2025 жылғы 23 маусымда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.
✔️Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты.
Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған мекеме. Онда жергілікті халыққа соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сапалы медициналық қызмет алуларына барлық жағдайлар жасалған. Сапалы медициналық қызмет көрсететін орталықтың бүгінгі…
Шымкент қаласындағы Абай саябағы аумағында орналасқан бірқатар заңсыз құрылыс нысандары бойынша сот процестері өткізілді. Бұл нысандарға қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тиісті талап арыздар беріліп, заң аясында шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, «Саят» өндірістік кооперативінің «СОХО» кафесіне қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 29 қарашада №5265-24-00-2/3358 шешімімен құрылыс нысандарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу…
Шымкент қаласының Наурыз алаңында республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай 15 және 17 маусым күндері Наурыз алаңында еліміздің әр өңірінен келген классикалық, ұлттық және заманауи жанрдағы оркестр ұжымдары өнер көрсетеді. Бүгінгі Оркестрлер шеруінің ашылу рәсіміне «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен Шымкент қалалық Опера және балет театрының симфониялық оркестрі…
✔️Түркістан облысында туризм мен тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа бірегей инвестициялық жоба іске асырыла бастады. Облыс әкімдігі мен Қытай Халық Республикасының ірі өндірістік компанияларының бірі – «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.» арасында өзара тиімді серіктестік орнады. ✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы ҚХР-дағы Линьи қаласына сапар жасап,…
Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылдың 5 айында 53,1 млрд теңгеге жетті. Оның 57,2 пайызы — өнеркәсіп, 21,9 пайызы — ауыл шаруашылығы, 18,7 пайызы — сауда және 2,2 пайызы — құрылыс саласына тиеселі. Бұл туралы брифингте Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов мәлімдеді. «Биыл қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға 13,1 млрд теңге инвестиция тартылып,…