ТӨЛЕБИДЕ БИЫЛ ЖЫЛЫНА 90 МЫҢ ДАНА ЖҰМЫС КИІМІН ДАЙЫНДАЙТЫН ТІГІН ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

 

Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылдың 5 айында 53,1 млрд теңгеге жетті. Оның 57,2 пайызы — өнеркәсіп, 21,9 пайызы — ауыл шаруашылығы, 18,7 пайызы — сауда және 2,2 пайызы — құрылыс саласына тиеселі. Бұл туралы брифингте Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов мәлімдеді.

«Биыл қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға 13,1 млрд теңге инвестиция тартылып, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге өскен. Ал, өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,4 млрд теңгеге жетті. Биыл өнеркәсіп саласына жалпы құны 6,5 млрд теңгені құрайтын 180 жаңа жұмыс орнымен 4 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Төңкеріс елді мекеніндегі Балдыберек өзенінің жанында қуаттылығы 3,2 мВт/сағ құрайтын «Тауэнерго» ЖШС-ң шағын ГЭС құрылысы және Сарқырама елді мекені Ақсу өзенінің жанында қуаттылығы 2 мВт/сағ құрайтын «Jasyl Quat» ЖШС-ң шағын ГЭС құрылысы. Сондай-ақ, Леңгір қаласында жылына 90 мың қысқы арнайы жұмыс киімдерін дайындайтын «KAZPLAST» ЖШС-ң тігін фабрикасы мен «З-Энергетик СНГ» ЖШС-ң шағын ГЭС құрылысы», — деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, аймақта инвестициялық әлеуетті көтеру мақсатында Шымкент қаласымен шекаралас орналасқан Киелітас ауылдық округіндегі 100 гектар жерге индустриялды аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Киелітас ауылдық округінен 14 гектар жерге шағын өндірістік парк салу жоспарлануда. Өндірістік паркте жалпы құны 20 млрд теңгені құрайтын 5 ірі инвестициялық жобаны іске асыру және 400 жаңа жұмыс орнын көзделген. «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға» арналған тұжырымдамасы аясында 2025 жылдың 5 айында 2 476 жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 676-сы тұрақты, 1800-і уақытша жұмыс орындары.

«Ауданда туризм саласында қызмет көрсететін 254 нысан бар. 2025 жылдың 5 айында ауданға 22 500 демалушы келген. 2025 жылы жалпы құны 4,2 млрд теңгені құрайтын 12 туристік нысанды іске қосып, 151 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Аймақта 10 831 шағын және орта кәсіп иелері бар. Оларда 14 405 адам жұмыспен қамтылса, аталған салада 2025 жылдың 5 айында 41,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұдан бөлек, аймақта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды үймен қамту мақсатында алдағы 3 жылда 10 көпқабатты 520 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Одан бөлек, 5 қабатты 156 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталатын болады. Ал, инфрақұрылыммен қамту бойынша ауданның 55 елді мекеннің тұрғындары 100 пайыз табиғи газбен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 55 елдімекенге орталықтандырылған ауыз су құбыры жүргізілген. Аудандық маңызы бар 170 шақырым жолдың қанағатты жағдайдағы үлесі 95,6%-ға жетті», — деді аудан әкімі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

————————-

В ТОЛЕБИ В ЭТОМ ГОДУ ЗАПУСТЯТ ШВЕЙНУЮ ФАБРИКУ ПО ПРОИЗВОДСТВУ РАБОЧЕЙ ОДЕЖДЫ В КОЛИЧЕСТВЕ 90 ТЫС. ШТУК В ГОД

Объем валового регионального продукта в Толебийском районе за 5 месяцев 2025 года достиг 53,1 млрд тенге. Из них 57,2% приходится на промышленность, 21,9% — на сельское хозяйство, 18,7% — на торговлю и 2,2% — на строительство. Об этом на брифинге сообщил аким Толебийского района Еркегали Алимкулов.

«В январе-мае текущего года в основной капитал привлечено 13,1 млрд тенге инвестиций, что на 4,5 млрд тенге больше, чем за аналогичный период 2024 года. Объем промышленной продукции достиг 30,4 млрд тенге. В этом году в промышленную отрасль планируется реализовать 4 крупных инвестиционных проекта на 180 новых рабочих мест общей стоимостью 6,5 млрд тенге. В частности, строительство мини-ГЭС ТОО «Тауэнерго» мощностью 3,2 мВт/ч у реки Балдыберек в населенном пункте Тонкерис и строительство мини-ГЭС ТОО «Jasyl Quat» мощностью 2 мВт/ч у реки Аксу в населенном пункте Саркырама. Кроме того, строительство швейной фабрики ТОО «KAZPLAST» и мини-ГЭС ТОО «3-Энергетик СНГ», которая изготавливает 90 тысяч зимних спецодежды в год в городе Ленгер», — поделился аким района.

В целях повышения инвестиционного потенциала в районе ведется работа по созданию индустриальной зоны на 100 гектарах земли в сельском округе Киелитас, граничащем с городом Шымкент. Также планируется строительство мини-производственного парка там же на площади 14 га. В производственном парке предусмотрена реализация 5 крупных инвестиционных проектов на общую сумму 20 млрд тенге и 400 новых рабочих мест. В рамках концепции «Развитие рынка труда на 2024-2029 годы» за 5 месяцев 2025 года создано 2 476 рабочих мест. Из них 676 постоянных, 1800 временных рабочих мест.

«В районе действуют 254 объекта, оказывающие услуги в сфере туризма. За 5 месяцев 2025 года в район прибыло 22 500 отдыхающих. В 2025 году планируется ввести в эксплуатацию 12 туристских объектов на общую сумму 4,2 млрд тенге и обеспечить занятостью 151 человек. В регионе насчитывается 10 831 владелец малого и среднего бизнеса. В них трудоустроено 14 405 человек, в данной сфере за 5 месяцев 2025 года произведено продукции на 41,3 млрд тенге. Кроме того, в целях обеспечения жильем граждан в очереди на жилье в регионе в ближайшие 3 года планируется построить 10 многоэтажных домов на 520 квартир. В этом году будет завершено строительство 3 пятиэтажных жилых домов на 156 квартир. По обеспечению инфраструктурой население 55 населенных пунктов района обеспечено 100% природным газом. Также в 55 населенных пунктах проведен централизованный водопровод. Доля в удовлетворительном состоянии 170 км дорог районного значения достигла 95,6%», — сказал аким района.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *