
Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!
1 шілде күні киелі Түркістанда республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтеді.
ақпараттық агенттігі
1 шілде күні киелі Түркістанда республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтеді.
2025 жылғы 23 маусымда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.
Жалпы аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Халық қатысатын бюджет» аясында 32 жоба жүзеге асырылады. Биылғы жылы 19 балалар ойын алаңшасы, 13 кешенді алаңша пайдалануға беріледі.
✔️Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты.
Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған мекеме. Онда жергілікті халыққа соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сапалы медициналық қызмет алуларына барлық жағдайлар жасалған. Сапалы медициналық қызмет көрсететін орталықтың бүгінгі…
Шымкент қаласындағы Абай саябағы аумағында орналасқан бірқатар заңсыз құрылыс нысандары бойынша сот процестері өткізілді. Бұл нысандарға қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тиісті талап арыздар беріліп, заң аясында шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, «Саят» өндірістік кооперативінің «СОХО» кафесіне қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 29 қарашада №5265-24-00-2/3358 шешімімен құрылыс нысандарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысып, өңірлік ынтымақтастықты дамыту мен екіжақты қарым-қатынастарды нығайту жолында маңызды пікірлер білдірді. Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Орталық Азия елдерімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға бағытталған күш-жігері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, ол Орталық Азия мемлекеттерінің өзара сенімі мен күш-жігерінің арқасында бүгінгі…
Шымкент қаласының Наурыз алаңында республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай 15 және 17 маусым күндері Наурыз алаңында еліміздің әр өңірінен келген классикалық, ұлттық және заманауи жанрдағы оркестр ұжымдары өнер көрсетеді. Бүгінгі Оркестрлер шеруінің ашылу рәсіміне «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен Шымкент қалалық Опера және балет театрының симфониялық оркестрі…
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар күннен күнге нығайып, жаңа қырларын аша түсуде. Бұл екіжақты серіктестік, әсіресе атом энергетикасы саласында жаңа серпін алды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қытай Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі әрі тату көршісі болып табылады. Осы ретте, Қазақстанның атом энергетикасы саласында Қытаймен ынтымақтастықтың маңызы ерекше. Атом энергетикасына жаңа бағыт: АЭС құрылысын қолға…
✔️Түркістан облысында туризм мен тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа бірегей инвестициялық жоба іске асырыла бастады. Облыс әкімдігі мен Қытай Халық Республикасының ірі өндірістік компанияларының бірі – «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.» арасында өзара тиімді серіктестік орнады. ✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы ҚХР-дағы Линьи қаласына сапар жасап,…